2021 жылы тар бейінді мамандардың 29 млн-нан астам консультациясы өткізілді
Ағымдағы жылдың 10 айында амбулаториялық-емханалық деңгейде пациенттерге 78 млн консультациялық-диагностикалық қызмет көрсетілді (кешенді жан басына шаққандағы нормативтен тыс), бұл өткен жылмен салыстырғанда 43% - ға артық. Диагностикалық зерттеулердің саны 60%-ға артты, КТ және МРТ тексерулері 3 есе өсті, 25%-ға – тар бейінді мамандардың консультациялары өткізілді.
«МӘМС жүйесінде емханаларға негізгі рөл беріледі. Дәл осы бастапқы деңгейде пациент барынша қажетті медициналық көмек алып, учаскелік қызметтің бақылауында болуы тиіс», – деп атап өтті Қорда.
Емханалардың бағыттары бойынша 12,5 млрд теңгеге 1 млн-нан астам компьютерлік және магниттік – резонанстық томография қызметі (КТ – 581 мың қызмет, МРТ – 419,7 мың қызмет) көрсетілді.
Егер 2020 жылдың 10 айында тар бейінді мамандардың консультативті қабылдауының 23,4 млн қызметі жүргізілсе, ағымдағы жылдың осы кезеңінде 29 млн қызмет көрсетілді. Өткен жылдың көрсетілген кезеңінде 7,9 млн қызмет, ал 2021 жылдың 10 айында – 12,2 млн қызмет көрсетілді. Стоматологиялық қызметтердің өсуі байқалады-5,38 млн қызметтен 8 млн қызметке дейін.
Сондай-ақ, ағымдағы жылдың қаңтар-қараша айларында Қор 322,9 млрд теңгеге 653,8 мың операцияны қаржыландырды. Бір жыл бұрын осы кезеңде пациенттерге 187,28 млрд теңге сомасына 564,2 мың операция жасалды.
«Операциялардың жартысына жуығы жоспарлы түрде жүргізілді. Бұл дегеніміз, пациенттер бақылауда болды және уақтылы тексерулерден өтіп, қажетті медициналық көмек алды дегенді білдіреді. Адамдар өз жағдайларын сыни деңгейге жеткізбеуі маңызды, егер денсаулыққа қатысты шағымдар пайда болған жағдайда, бірден дәрігерге барып айту қажет», – деп атап өтті Қорда.
Сонымен қатар, ағымдағы жылы екі есе көп пациенттерге жоғары технологияларды қолдана отырып операция жасалды (17 мың адам). Жоғары технологиялық операциялардың негізгі үлесі ЭКҰ және кардиохирургиялық бейінге тиесілі. Жүрек патологиясы бар балалардағы хирургиялық араласулар саны 40%-ға артты.
Ал МӘМС шеңберінде орындалған ЭКҰ қызметтерінің саны 2021 жылдың 11 айында 7 есеге өсіп, 6 329-ды құрады, ал өткен жылдың ұқсас кезеңінде – 896 қызмет.
Қорда МӘМС пакетіндегі репродуктивті технологияларды қаржыландыруды ұлғайту және Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ЭКҰ бағдарламаларына квоталарды 7 есеге ұлғайту арқасында Қазақстанда көптеген баласыз отбасылық жұптардың арманын жүзеге асыруға мүмкіндік бар екенін атап өтті. «Аңсаған сәби» мемлекеттік бағдарламасы аясында мыңдаған отбасы ЭКҰ процедурасынан тегін өту мүмкіндігіне ие болды.
Сондай-ақ, Қорда көрсетілген қызметтерге стандарттар мен ережелерге сәйкес ақы төлеу алдында жүргізілетін медициналық көмек сапасының сараптамасы туралы айтылды.
Жедел деректер бойынша, 2021 жылдың 11 айында медициналық көмек сапасын мониторингілеу барысында Қор сарапшылары медициналық көмек көрсетудің 969,1 мың ақауын анықтады, олар бойынша алу сомасы 23,88 млрд теңгені құрады. Өнім берушілерде бұзушылықтардың басым бөлігі Түркістан, Солтүстік Қазақстан және Алматы облыстарында анықталды.
«Жиі бұзушылықтардың арасында кездескені – көрсетілген медициналық көмек көлемінің негізсіз артуы (63,3%), стандарттар мен ережелерден негізсіз ауытқу, ақпараттық жүйеде құжаттама мен деректерді дұрыс ресімдемеу. Сондай-ақ, Қор сарапшыларымен тексеру кезінде медициналық қызмет көрсетудің 28,3 мың расталмаған жағдайы анықталды («қосып жазу»), олар бойынша алу сомасы 196,8 млн теңгені құрады», - деп мәлімдеді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры.
Анықталған қосымшалардың 98,2%-ы консультациялық-диагностикалық қызметтер бойынша өнім берушілерге тиесілі. Мұндай бұзушылықтардың басым бөлігі Нұр-Сұлтанда – 63%, Шымкентте – 22,7% анықталды.
Егер сізде медициналық көмек көрсетудің сапасы мен уақтылығы бойынша сұрақтар туындаса, сіз емхананың Пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметіне немесе Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына өзіңізге ыңғайлы байланыс арнасы арқылы хабарласа аласыз: fms.kz ресми сайты, 1406 байланыс орталығы, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы және Telegram-дағы SaqtandyryBot.